2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 44/495-VI шешімі
(2021.03.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 23 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021.03.03. № 3/13-VII шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 525 681 003,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 40 959 325,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 3 252 314,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 481 469 364,0 мың теңге;
2) шығындар - 529 504 907,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - - 6 254 356,7 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 13 456 683,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 19 711 039,7 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 529 000,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 529 000,0 мың теңге;
мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 1 901 452,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 1 901 452,7 мың теңге:
қарыздар түсімі - 12 494 943,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 16 278 510,6 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 882 114,9 мың теңге.